Адамның тұрақты дамуы гендерлік теңдікке қол жеткізудің негізгі факторының бірі болып табылады. 2000 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Мыңжылдықтың саммиті, БҰҰ-ның маңызды конференциялары гендерлік теңдік және құқықтар мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша мәселелер енгізілген. Аталған оқиға бейбіт және даму мәселелері бойынша талқылау үшін жоғары деңгейдегі өкілетті жиын болды.
Гендер бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
Гендерлік теңдік әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі.
Гендерлік статистика әйелдер мен ерлердің келесі салалардағы ахуалының деректер жиыны: халық, отбасы, денсаулық сақтау, білім бері және коммуникация, жұмыспен қамтылу, адам құқықтары және саясат. Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және мүмкіндіктерінің қағидаларын іске асыру, тиімді өзіндік әлеуметтік-демографиялық саясатты әзірлеу кезінде әйелдер мен ерлер топтарының ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Ресми статистикалық ақпарат статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылуға жатады.
Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Ресми статистикалық ақпаратты пайдалану шарттары
Пайдаланушылар ресми статистикалық ақпаратты кез келген мақсатта (оның ішінде толық көлемде қайта пайдалануды қоса алғанда) еркін, тегін, мерзімсіз және аумақтық шектеулерсіз пайдалана алады, соның ішінде ақпаратты көшіру, жариялау, дереккөзге сілтеме жасай отырып тарату, өзгерту, басқа ақпаратпен біріктіру, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен қосымшалар жасау мақсатында пайдалану құқығына ие.











